Клиенттердің бизнес-ерекшеліктері мен мәселелерін терең түсіну
Сіздердің таланттарды табу қажеттіліктерін қанағаттандыратын профессонализм мен сенімділік
Үміткерлерге сапалы ізденіс жүргізу мен құзыретін бағалау
Компания туралы
A2Z Talent — бұл қызметкерлерді іздеу мен таңдауда 10 жылдан астам тәжірибесі бар профессионалдар командасы
Біз жергілікті және халықаралық компаниялардағы жоғарғы және орта буынды жұмысшыларды таңдау саласында қызмет көрсетеміз.
Эксперттік тәсілдер
Терең білім мен тәжірибеге ие профессионалды рекрутер мамандар сіздің бизнесіңіздің талаптары мен корпоративті мәдениетіңізге сай келетін үміткерлерді табуға көмектеседі.
Құпияны сақтау
Клиенттермен бірге үміткерлердің де құпияларының сақталуына кепілдік береміз.
Қатерлердің алдын алуы
Іздеудің тиімді методологиясы, тәжірибиені бағалау мен мінездемені тексеру, сонымен қатар кепілді шарттар нәтижесінде үміткерді жұмысқа қабылдау қателіктерін барынша болдыртпауға тырысамыз.
Уақытыңыздың үнемділігі
Үміткерлерді іздеудегі халықаралық стандарттар мен нарықты терең ұғыну нәтижесінде біз іздеу жұмыстарын тез әрі сапалы түрде орындай аламыз, ал клиенттер өз күштерін бизнес-міндеттемелеріне шоғырландыра алады.
Үміткерлердің кең қоры
Өзіміздегі үміткерлердің кең қоры арқасында, көбінесе жұмысты белсенді іздеп жүрмейтін, күнделікті кадрлік қызметшілермен араласа бермейтін, тиімді үміткерлерді табуға көмектесеміз.
Қызметтер бойынша ақпарат алыңыз
Үлгіні толтырыңыз, біздің менеджер сізбен хабарласады
Біз таңдаудың толық кезеңін қамтамассыз етеміз –клиент талаптарын анықтау, үміткерлер нарығын қорытындылау, компаниялардың негізгі бөлімдеріне арналған үміткерлерді ұсыну: HR, қаржы мен бухгалтерия, сату және маркетинг, логистика, өндірісті басқару, сервистік қызмет көрсету және т.б. Біз компания басқарушыларының жоғарғы және орта буындарын таңдауда мамандырылған болсақ та, сіздің бизнесіңізге маңызды басқа да жобаларды орындай аламыз.